«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денесі пакеттен табылған: СҚО-да жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты оның анасына қылмыстық іс қозғалды - Қазақстан жаңалықтары

Денесі пакеттен табылған: СҚО-да жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты оның анасына қылмыстық іс қозғалды - Қазақстан жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған нәрестенің өлімініе қатысты оның анасына қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ПБ аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.  Тергеу-жедел тобы аталған фактіні тексеру үшін жіберілді. Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын салынған пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйітін табылыпты.

Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы “Жаңа туған баланы анасының өлтіруі” бойынша тіркелген.

Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.

Көз жұму себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.


stan.kz
Автор
Данияр