Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Денесі іріп-шіріп кетер еді»: Шымкентте мәйіті табылған жігіттің ағасы бауырының өзіне қол салғанына сенбейді

«Денесі іріп-шіріп кетер еді»: Шымкентте мәйіті табылған жігіттің ағасы бауырының өзіне қол салғанына сенбейді

Шымкентте 20 күн бұрын із-түссіз жоғалып, мәйіті табылған жігіттің ағасы марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді.

Марқұмның ағасының сөзінше, 20 жастағы жігіт Шымкенттен 15-қаңтар күні көлік құжатын алуы керек болған.

“Төлеметов көшесі жақтан табылды, 21 күн дегенде. Сол уақыт бойы асылып тұрмаған. Болса сол 20-күндері көз жұмған. Оған дейін ондай болмаған. Егер 20 күн бойы тұрса еттің бәрі іріп-шіріп кетеді ғой. Баланың денесі қазір сараптамада. Өзінің сөмкесінің бауына асылған. Ол енді аса салмақ көтермейді. Қолдан жасалған деп ойлаймын өзім”, – дейді Бәйдібек Еділбектің ағасы.

Жоғалған жігіттің жақындары полицияның соңғы екі-үш күнде ғана іздеуді күшейткенін айтады.
“Полицейлер соңғы 2-3 күнде жұмыс істеді. Оған дейін қимылдамады. Камерасының бәрін өзіміз қойып беріп отырдық. Оған дейін полициядан хабар болмады. Білгеніміздей Шымкенттегі камераның 5 пайызы ғана бақылап, қалған 95 пайызы айыппұлға жауап береді екен”,– дейді қайғыдан қан жұтқан Бейбарыстың ағасы.

фото: марқұмның жеке парақшасынан


Автор
Данияр