KZNEWS.KZ
Аймақ

Демалыс күндері Қазақстанда 20 градус аяз болады

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ құбылыстары байқалып, жел күшейеді және боран соғады.

30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар, ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде еліміздің батысында -5–12°С, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында -10–18°С, шығысында -7–12°С, ал таулы аудандарда -15–20°С-қа дейін төмендейді.

Еліміздің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →