7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алдағы үш күнде елімізде 38 градус аяз болады

Алдағы үш күнде елімізде 38 градус аяз болады
Фото:depositphotos.com

Алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттық бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді деп болжанады, деп хабарлайды kznews.kz.

Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша тұман болжанады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25–38 градус аязға дейін, күндіз 20–30 градус аязға дейін төмендейді. Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8–13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5–13 градус аяз болады деп күтіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі