ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дәурен Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист, жазушы Дәурен Омаров «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгіннен бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалып, жаңа жұмысқа кірістім. Еліміздің ірі компаниясының тыныс-тіршілігі туралы халықты және БАҚ өкілдерін уақтылы хабардар етіп тұруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Осы орайда, жауапты қызметті сеніп тапсырған «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевке ризашылығымды білдіремін. Жаңа міндеттеріме жауапкершілікпен қарап, абыроймен атқаруға тырысамын. Сіздермен үнемі байланыста боламыз!»— деді ол.

«Адырна» ұжымы Дәурен Бауыржанұлын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тілейді!
Автор
Айбар