Дәрігерлерге пранк жасаған танымал блогер жазалануы мүмкін
23.10.2021
00:03
0
2


"Емхана басшылығы құзырлы органдарға әкімшілік жауапкершілік шарасын қолдану туралы өтініш жібереді. Өйткені адамдардың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың медицина қызметкерінің кәсіби қызметіне араласуына тыйым салады", - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі өкілдері.Сондай-ақ, ведомство Әкімшілік кодекстің 80-1-бабы 2-тармағы "Медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау" туралы да еске салды.
"Бұл міндетін орындап жатқан медицина қызметкеріне құрметсіздік таныту көрінісі, ұятсыз сөздер, әдепсіз қимылдар, белгілер мен заттарды көрсету, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін қолдану, әдепсіз мінез-құлық, қорлау. Бап санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді", - деп толықтырды департамент өкілдері.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ