ка

“Дәрігерлер ұлыма 1-2 күнде о дүниеге аттанатынымды айтыпты” - Жүрсін Ерман

16.06.2024 12:21
0
0
“Дәрігерлер ұлыма 1-2 күнде о дүниеге аттанатынымды айтыпты” - Жүрсін Ерман

Аақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман ауырып, 12 күн комада жатқаны туралы айтты. Бұл туралы KYN.KZ жазды.  Ол бұл жайында "Айтыс" youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.

"Дәрігерлер ұлыма “әкеңіз 1-2 күннен қалмай о дүниеге аттанады, дайындала беріңдер" деп айтқан. Сосын рұқсат қағазымен үйге алып кетті. Бірақ дәрігерлердің айтқаны болмады. Қайтадан адам қатарына қосылдым ғой", - дейді ол.

Жүрсін Ерман айтыс деп жүріп, қалай денсаулығының сыр бергенін байқамай қалған.
"Халықтың қолдауы кісіге күш, дем береді екен. 70-80-дей ақын бірінен соң бірі мені үйге іздеп келді. Сәлем айтып, көңіл сұрап кетті. Айтысты тірілтем деп арпалыстым ғой. Айтысты тірілтем деп жүріп өзім өлуге айналыппын",-дейді ақын.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий