Қоғам

«Дәрігерлер көмек көрсетпеген»: Арыста 4 жасар бала екі апта комада жатып көз жұмды

«Дәрігерлер көмек көрсетпеген»: Арыста 4 жасар бала екі апта комада жатып көз жұмды
Фото: alash.kz

Алирахман Сейітхан есімді бала екі апта бойы комада жатып, 23 қазанда қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпеген.

Бала 10 қазан түнінде Арыстың орталық ауруханасына жеткізілген. Анасының сөзінше, олар сағат 03:30 шамасында келгенімен, таңғы тоғызға дейін ешбір медицина қызметкері жандарына келмеген. Сол уақытқа дейін бала есінен танып қалған.

Ауруханада МРТ мен КТ аппараты болмағандықтан, нақты диагноз қойылмаған. Тек ата-ананың бірнеше рет шағымынан кейін Астанадан реаниматолог дәрігер шақыртылған. Ол бастапқы «вирустық энцефалит» диагнозын жоққа шығарғанымен, емдеуді бастап үлгермеген.

Алирахман 23 қазанда көз жұмды. Ата-анасы баланың өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді. Қазір бұл оқиға бойынша тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz