Қоғам

«Қазақмыс» қызметкері азаптаған 8 жасар баланың анасы көмек сұрады

«Қазақмыс» қызметкері азаптаған 8 жасар баланың анасы көмек сұрады
Фото: @madyssun.

Анасының айтуынша, баласы қатты соққыға ұшырап, ауыр жарақат алған.

«Баламды аяусыз қорлаған. Бұл — тек күш көрсету емес, нағыз азаптау. Саусақтары сынған, денесі күйген, басынан ұрған», – деп жазды ол.

Мадинаның сөзінше, бұл әрекетке «Қазақмыс» компаниясының қызметкері Алмас Басымбековтің қатысы бар. Оның жұбайы Нәсипгүл Айдынова да сол компанияда жұмыс істейді.

Досымбекова істің әділ қаралуына күмән келтіріп отыр. Оның айтуынша, күдіктінің жақындары құқық қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.

«Біз ешкімді нақты айыптап отырған жоқпыз, бірақ тергеу барысына қысым жасалып жатқанын анық сезіп отырмыз», – дейді ол.

Қауіпсіздік мақсатында анасы ұлын өзге қалаға көшіріп әкеткен. Қазіргі таңда ол пәтер жалдап, баласының емі мен психологиялық жағдайына барынша көңіл бөліп жатыр.

Ол көпшіліктен қаржылай қолдау сұрап, банк шотын жариялаған. Оның айтуынша, әзірге 512 мың теңге жиналған.

«Қасымда тек анам бар. Баламның бір қолы гипсте, екінші қолы бинтте. Жалғыз қалдырмаймын. Бар қажеттілігін — тамақтан бастап ойыншыққа дейін — оның қауіпсіздігі үшін қамтамасыз етіп отырмын», – деп жазды Досымбекова.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz