Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды

Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Оның жаназасы бүгін Шахтинск қаласында өтті

Елорда іргесіндегі ат-спорт клубында болған оқыс оқиға қайғылы жағдайда аяқталды. Бір айдан астам уақыт комада жатқан 33 жастағы Жазира Қызылбаева есімді астаналық тұрғын есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға шілде айының басында Целиноград ауданында орналасқан «Атлант» ат-спорт клубында болған. Жақындарының сөзінше, марқұмның атқа міну тәжірибесі жеткілікті болған. Серуен кезінде асау жануар үркіп, қыз атты тоқтата алмай қалған. Ол екпінмен жерге құлап, өміріне қауіп төндірген ауыр бас-ми жарақатын алған.

Дәрігерлер соңғы сәтке дейін оның өмірі үшін күрескенімен, 13 тамыз күні науқас ауруханада қайтыс болды.

Аталған факті бойынша Ақмола облыстық Полиция департаменті қылмыстық істің бабы өзгеретінін мәлімдеді.

«6 шілде күні «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген еді. Қазiргi уақытта барлық қажеттi тергеу амалдары жүргiзiліп жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.