Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дәрігерге қаралған әйел өзінің ер адам екенін білді

Дәрігерге қаралған әйел өзінің ер адам екенін білді

Әйел бір жылдан бері бала сүйе алмай жүргенін айтып дәрігерге қаралған. 

Қытайда дәрігерге қаралған әйел өзінің биологиялық жынысының ер екенін білді. Жағдай Хунань провинциясында болды. 26 жастағы қытайлық әйел бір жыл бұрын тұрмысқа шықса да, сәби сүйе алмай жүргенін айтады. Гинеколог маман оны тексеріп, жынысына байланысты толықтай әйел дей алмайтынын жеткізеді.

Әйел андрогендерді сезіне алмау синдромына шалдыққан болуы мүмкін. Яғни сырт келбеті нәзік, омырауы мен қынабы бар. Бірақ жатыры мен аналық жыныс безі жоқ. Ағзасында Y-хромосомасы кездесетіндіктен, бұл әйел биологиялық жынысы бойынша ер адам.

Мұндай адамдар өздерін әйел ретінде де, ер адам ретінде де таныстыра алады. БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғары комиссар басқармасының анықтауынша, интержыныс дегеніміз қалыптан тыс жыныс мүшесінің немесе хромосоманың болуын білдіреді. БҰҰ есебі бойынша, жер бетінде жыл сайын 1,7% сәби осындай ерекшелікпен дүниеге келеді.

Дереккөз: Sputnik
 

Автор
Мадияр