Балалар арбасымен автобусқа мінуге болмай ма? Министр ережені қайта қарамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Есін жоғалтқан, жақындарын танымайды”: 25 жасар бортсерік Кувейтте жансақтау бөлімінде жатыр

“Есін жоғалтқан, жақындарын танымайды”: 25 жасар бортсерік Кувейтте жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: Instagram/kazpress

Оқиға туралы әлеуметтік желіде Қайрат Бермұханов есімді қолданушы жазған. Оның мәліметінше, рейстен кейін стюардессаның ғана емес, экипаждың өзге мүшелерінің де денсаулығы сыр берген. Олардың дене қызуы көтеріліп, бастары қатты ауырған.

Непалдан ұшып келген 25 жастағы қазақстандық стюардессаның Кувейтте денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскені белгілі болды. Жас бортсерік кейін жақындарын танымай, айналасында болып жатқан жағдайды түсінбей қалған. Оны ауруханаға қайта жатқызуға қазақстандық дипломаттар көмектескен, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашында екі күн жансақтау бөлімінде ем қабылдаған бортсеріктің жағдайы біршама жақсарған. Алайда бірнеше күннен кейін оның денсаулығы қайта күрт нашарлап, жақындарын танымай, айналасында не болып жатқанын түсінбейтін күйге түскен.

Осыдан кейін Қазақстан дипломаттары жағдайға араласып, отандасымызды Кувейттегі медициналық мекемеге қайта жатқызуға жәрдемдескен. Қазіргі уақытта дәрігерлер бірнеше ықтимал диагнозды қарастырып жатыр. Дегенмен дерттің нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық азаматша дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы министрліктің назарында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.