Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаева Ресейде қырғыз сенатының спикерімен кездесті

Дариға Назарбаева Ресейде қырғыз сенатының спикерімен кездесті

18 сәуірде қырғыз парламентінің спикері Дастанбек Жумабеков пен Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербургте өтіп жатқан ТМД парламентаралық ассамблеясының жиыны аясында кездесті.

Жогорку кеңеш баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жумабеков "өзара серіктестік, өзара пайда мен қолдау қағидаларына негізделген барлық бағыт бойынша Қырғызстан Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға ерекше мүдделі екенін" айтқан.

Жумабековтің сөзінше, Бішкек пен Нұр-Сұлтан арасында "саяси-экономикалық диалог бар". Ол "Қырғызстан сенаты - бауырлас елдер қатынасын тату көрші ретінде нығайтудың бірден-бір қолдаушысы" деген.

Бішкек таратқан хабарламада "Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева екі ел арасындағы парламентаралық қатынасты дамыту қажеттігі жайлы айтты" деп жазылған.

Қазақстан сенатының сайты Назарбаеваның Санкт-Петербургтегі ТМД парламентаралық ассамблеясының шараларына қатысып жүргенін хабарлаған.


Azattyq
Автор
Жандос