Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Данияр Елеусіновтың мансабындағы тағы бір күйреу: боксшы атақты рейтингтен шығып қалды

Данияр Елеусіновтың мансабындағы тағы бір күйреу: боксшы атақты рейтингтен шығып қалды
Фото: Турар Казангапов/Tengrinews.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов енді беделді BoxRecрейтингінде жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін жеңіліп көрмеген боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 19 шілдесінде Лас-Вегаста өткізген. Ол кездесуде америкалық Джеймс Бэйконды нокаутпен жеңгеннен кейін рингке қайта шыққан жоқ.

BoxRec ережесіне сәйкес, бір жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген боксшылар белсенді емес спортшы ретінде рейтингтен автоматты түрде шығарылады. Бұл талап боксшының промоутерлік келісімшартының бар-жоғына қарамастан қолданылады. Сондықтан Данияр Елеусиновтің Zuffa Boxing промоутерлік компаниясымен келісімі болғанына қарамастан, оның есімі рейтингтен алынып тасталды.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусинов жол-көлік оқиғасына байланысты сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Алайда бұл оқиға оның BoxRec рейтингінен шығарылуына қатысы жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.