Сағымбаев, Әрінов, енді Мырзахметов: күрделі міндет неге Мемлекеттік күзет қызметінен шыққан офицерлерге жүктеледі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атақты спортшы Данияр Елеусінов қамауға алынды

Атақты спортшы Данияр Елеусінов қамауға алынды
Фото: Instagram/yeleussinovdaniyar

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әкімшілік қамауға алынды. Ол Алматы халықаралық әуежайында болған оқиғадан кейін сот шешімімен 10 тәулікке қамалды.

Спортшы Данияр Елеусінов 2026 жылдың 25 қыркүйегінде «Алматы – Астана» бағытындағы ұшаққа отырғызу кезінде спортшы ұшудан бас тартып, әуе кемесінен өз бетінше шығып, перронға қарай жүгірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, ұшақтағы барлық жолаушы сыртқа шығарылып, тексеріс жүргізілді және жүк қайта өткізілді. Осының кесірінен рейс уақыты кешіктірілді. 

Медициналық куәландыру спортшының жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5 бабы бойынша(қоғамдық орында мас күйде болу, тыйым салынған жерде темекі шегу, ұшу қауіпсіздігі мен әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылық) айып тағылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.