Каспидегі қайғылы жағдай: Прокурорлар оқиғаға қатысты алғашқы күдіктілерді анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Боксшы Данияр Елеусінов бір ұшақтың ұшуына кедергі жасап, басы дауға қалды

Боксшы Данияр Елеусінов бір ұшақтың ұшуына кедергі жасап, басы дауға қалды
Фото: ашық дереккөз

Ұшақ бортындағы жолаушылардың бірі ұшу алдында сапардан бас тартып, әуе кемесінен шығып кеткен.

Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының Астанаға бағыт алған рейсі кешіктірілді. Осыдан кейін қауіпсіздік талаптарына сәйкес қосымша тексеру жүргізілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды.

Оның мәліметінше, жолаушы ұшақтан түскеннен кейін борттағы өзге жолаушылардан да әуе кемесінен шығу сұралған. Қауіпсіздік рәсімдерін өткізу үшін жолаушылардың жүктері де ұшақтан түсірілген.

Осыған байланысты рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілген.

Козачковтың жазуынша, ұшудан бас тартқан жолаушы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов болған. Алайда бұл ақпарат әзірге әуе компаниясы тарапынан ресми түрде расталған жоқ.

Әуе қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, рейспен ұшпайтын жолаушының багажын әуе кемесінде қалдыруға болмайды. Сондықтан мұндай жағдайда жолаушының жүгі де борттан түсіріліп, тиісті тексеру рәсімдері жүргізіледі.

Оқиғаға байланысты рейстің нақты қанша уақытқа кешіккені және жолаушының сапардан не себепті бас тартқаны әзірге белгісіз.

FlyArystan әуе компаниясы аталған жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.