ка

Дамир Рыспаев "Сарыарқа" ойыншысымен төбелесті

23.07.2019 09:14
0
0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

"Номад" және "Сарыарқа" хоккей клубтары арасында өткен жолдастық кездесуде жанжал болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Елордалық "Номад" клубының қорғаушысы Дамир Рыспаев "Сарыарқа" командасының шабуылшысы Владислав Никулинмен төбелесіп қалды.

Рыспаев Никулинді бір ұрып, мұзға жықты, деп хабарлайды Sports.kz. Хоккейшілердің төбелесі видеоға түсіп қалған.

Кездесуде "Номад" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клубтан Дмитрий Преснов пен Ефим Мишкин шайбаны қақпаға дөп түсірсе, қарағандылық "Сарыарқадан" – Кирилл Галоха.

Тағы оқыңыз: Ресейдегі хоккей матчына келген Жозе Моуриньо ел алдында ұятқа қалды - видео

Соған қарамастан, матчтан кейін командалар буллиттер (айып соққысы – Sputnik) сериясын өткізіп, мұнда "Сарыарқа" командасының мерейі үстем болды.

Хоккейші Дамир Рыспаев қазақстандық тафгай ретінде белгілі, әсіресе, "Барыс" құрамында айшықты төбелестерімен көзге түскен.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий