Дағыстанның Хасавюрт қаласында балалар бесігінде белдіктермен бекітілген күйде жатқан баланың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне механикалық асфиксия себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.
Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасы мәліметінше, оқиға 9 тамызда Хасавюрт қаласындағы үйлердің бірінде болған.
"Үйлердің бірінде балалар бесігінде белдік-таспалармен бекітілген, тіршілік белгісі жоқ бала табылды. Өлімнің алдын ала себебі ретінде механикалық асфиксия қарастырылып жатыр", – делінген ресми хабарламада.
Оқиғаға байланысты процессуалдық тексеру басталды.
Тергеушілер оқиға орнын және баланың денесін қарап шыққан. Сонымен қатар өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.