Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сағынтаев Қасымовты сөкті

Сағынтаев Қасымовты сөкті

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алды.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысынан Tengrinews.kz хабарлады.
«Тағы бір мәселе — азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің мемлекеттік органдар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр», — деді Сағынтаев.
«Бізде заңға қашан қол қойылды?», — деп сұрады Үкімет басшысы Қасымовтан. «28-желтоқсанда», — деп жауап берді министр. Сағынтаев заңға 22-желтоқсанда қол қойылғанын айтып, оның сөзін түзеді. «Бірінші рет қашан түсіндірдік? Біз Халыққа қызмет көрсету орталығындағыларда дүрлігу туғаннан кейін ғана түсіндіре бастадық. Бұл норманың халыққа қатысты екенін түсіндік, біз 22-желтоқсанда түсіндіру жұмыстарын бастап кете алар едік, сонда қазір орталыққа келіп жатқан 40 мыңның 17 мыңы уақытша тіркеуге келіп, қалғандары заңдастыратын еді. Бірақ олар осы күндері келмей-ақ қойса да болар еді, солай ма? Олар тіпті 1 жылдың ішінде асықпай келе алар еді, айтарлықтай дүрлігу тумас еді. Адамдар не істерін білмей ХҚКО-ларға бара бастады», — деді Үкімет басшысы.
Автор
Бауыржан