ка

Исекешев түнгі клубтардың жұмысына шектеу қоймақ

19.01.2017 10:04
0
2
Астана әкімдігі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда.  Бұл туралы  сәрсенбі күні өткен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті. – Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз, – деп хабарлады Ә.Исекешев қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып. – Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары – бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан бұл жерде (түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына қатысты - Ред.) шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет – айыппұл, екінші рет – айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет – қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет, – деп қорытындылады Астана әкімі.   Дереккөзі: inform.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий