Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Covid-19: Тағы бір облыс әкімінің орынбасары дүниеден өтті

Covid-19: Тағы бір облыс әкімінің орынбасары дүниеден өтті

Қосман Айтмұxамбетов түрлі жылдары вице-премьер, Ақмола облысының әкімі және астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxамбетов қайтыс болды. Себебі нақтыланбады.

"58 жасқа қараған шағында Қосман Айтмұxамбетов мезгілсіз өмірден озды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев те көңіл айтты. Ол күн сайын коронавирустан көз жұмғандар саны артып келе жатқанын жеткізді.

"Суыт хабар жетті - Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысының бұрынғы әкімі, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары (Нұр-Сұлтан) Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Біз астана әкімдігінде бірге қызмет еткен болатынбыз", - деп жазды Исекешев.

Сондай-ақ, ол профессор, медицина ғылымдарының докторы, травматология және ортепедия ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Нұрлан Бәтпеновтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Екеуі де өз ісінің маманы, саланың, өңірдің, қаланың дамуына қомақты үлес қосты. Нұрлан Бәтпенов пен Қосман Айтмұхамбетовтың жақындарына көңіл айтамын" - деді Исекешев.

sputniknews.kz


Автор
Айбар