Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

COVID-19: тестің бағасы қанша?   

COVID-19: тестің бағасы қанша?   

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттердегі мамандар тесті тегін тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 вирусына қарсы тестің бағасын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, ақылы тестер бар. Оны әуе қатынасын пайдаланатын азаматтар міндетті түрде тапсырады. Оның бағасы әртүрлі. Бірнеше зертхана бар. Олар бағаны өздері қояды. Құны 11 000 мен 20 000 теңгенің арасында", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен күрес шараларына қатысып жатқан мамандар тесті тегін тапсырады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттерде жұмыс істейтін мамандар бар. Бұдан бөлек, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтарды да тестілеуден тегін өткізеді.

Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 

Айта кетейік, ертең, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Бұдан бөлек, осы екі қаладан Семей мен Өскеменге жолаушылар тасымалданады. Алайда бортқа отыру үшін COVID-19 вирусына тест тапсырып, тиісті анықтаманы алып келу керек.


sputniknews.kz
Автор
Данияр