KZNEWS.KZ
Әлеумет

"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды

• Асқар Алтайұлы
Фото: Видеодан скрин алынды

Телеграмдағы "Письма Президенту" арнасы Халыққа қызмет көрсету орталығында (ЦОН) болуы мүмкін сыбайлас жемқорлықтың фактісін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінен видеожазба авторының өтініші бойынша тексеріс жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды сұраймыз. Видеода ол Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлерін делдалдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тікелей айыптайды" – деп жазды  "Письма Президенту" арнасы.

Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны жазылмады.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →