Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Цой неге вакцина салдырмай жүргенін айтты

Цой неге вакцина салдырмай жүргенін айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazCovid-In - қазақстандық вакцинасын күтіп жүргенін, отандық өнімді қолдау туралы шешім қабылдағанын айтты.

Ол QazCovid-In - қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі жүріп жатқанын айтты.

Бұл - инактивті вакцина, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен қазақстандық вакцинаны қолданғым келді. Ол өндіріске шыққан кезде оны алғашқылардың бірі болып ектіремін, - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде.

1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кетті. Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитарлық дәрігерлер вакцина салдырып үлгерді.

Жалпы, қазірдің өзінде 13 301 медицина қызметкері екпе алды.

Автор
Данияр