Спорт

Чемпиондар лигасының финалы: "Реал" турнир жеңімпазы атанды

Чемпиондар лигасының финалы: "Реал" турнир жеңімпазы атанды

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульден" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.




Шешуші матчте ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.





Кездесудің 59-минутында ойындағы жалғыз голды Винисиус Джуниор соқты. Бұл "Реал Мадридтің" матчтегі алғашқы соққысы болды.

Ағылшын командасы оған жауап ретінде көп шабуыл жасады, бірақ нәтижесіз. Мохамед Салахтың хет-трик жасауға мүмкіндігі болды, бірақ Тибо Куртуа Ливерпульдің барлық әрекетіне қарсы тұра алды.


"Реал" 45-минутта тағы бір гол соқты. Алайда Карим Бенземаның голы VAR-ды көргеннен кейін саналмады.

Айта кетейік, испан клубы өз рекордын жаңарта отырып, тарихта 14-рет бас еурокубок турнирін жеңімпазы атанды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz