Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бүтін бір ауыл браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшының отбасынан кешірім сұрады - Қазақстан жаңалықтары

Бүтін бір ауыл браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшының отбасынан кешірім сұрады - Қазақстан жаңалықтары

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шүкілдіков, Ахметов және Ақшановтың туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштады. Сосын жиналған жұрт марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Қылмыскерлердің туыстары мен ауылдастары қорықшының отбасы кешірім берсе,  үш азаматтың «жазасы жеңілдей ме?» деп үміттенеді.

"Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау әділ шешім, дегенімен ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау тым ауыр", - дейді олар.

Сондықтан бүтін бір ауылдың халқы сотталғандарға басқа жаза тағайындауды сұрап отыр. 

"Күнде «әкешім» деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. Кінәлі емес демейміз, кінәлі. Бірақ кінәнің де өз шегі болады.Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз", - деді сотталған Қайрат Ақшанов жары Жанар Ақшанова.

Еске сала кетейік, табиғат қорықшысы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыкқа жасалған әрекетке қатысы бар браконьерлерге қатысты сот үкімі шыққаны туралы хабарланған.
 


stan.kz
Автор
Данияр