Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бұл сендерге "ене" емес": Айсәуле Бақытбек енесімен бейнежазба жариялады (видео)

"Бұл сендерге "ене" емес": Айсәуле Бақытбек енесімен бейнежазба жариялады (видео)

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде енесімен қарым-қатынасының қандай жылы екенін көрсететін қысқа бейнежазба жариялады. Блогердің оқырмандары оларға қызыға қарайтындарын жасырмаған, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Instagram желісінде жарияланған кадрлардан Айсәуленің енесімен бірге дәмханада дастархан басында отырғанын көруге болады. Айсәуле Бақытбек ақшыл жасыл түсті, арқасы ашық көйлек киген. "Бұл сендерге "ене" емес, "mother", – дейді ол көпшілікті қызықтырып.

Айсәуленің оқырмандары бейнежазба астына пікір қалдырып, оның орнында болғысы келетіндерін жазған. "Менде да сондай ене болғанда ғой, менің енеммен алмастырасың ба?", "Барлығыңа енемен дәл осындай қарым-қатынас тілеймін", "Сіздің енеңіз түсінігі мол, заманауи адам екен", "Керемет! Енелерімізді алмастырайықшы", "Қызыға да, қызғана да қарап отырмын", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, Айсәуле Бақытбек белгілі қазақстандық ғалым, гинеколог-онколог Диляра Қайдарованың келіні.

Автор
Айбар