Жаңалықтар

"Бұл істі жалғыз өзі жасамады": Атыраудағы қанды іске күдікті туралы ел күтпеген дерек тарады

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Бұл істі жалғыз өзі жасамады": Атыраудағы қанды іске күдікті туралы ел күтпеген дерек тарады
kznews.kz коллажы

25 желтоқсан күні Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылында бір отбасының із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі жоғалған жандардың туысымен сөйлесіп, істің мән-жайына қатысты елең еткізер деректерді анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әсел Мұқанғалиеваның айтуынша, ол ағасымен соңғы рет 2025 жылдың қазан айында байланысқан. Ағасы жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отырған – екі қыз және бір ұл. Кенже қызы күйеуімен көршілес Махамбет ауылында тұрған.

Ерлі-зайыптылар үшінші топтағы мүгедек ретінде зейнетақы алып, күнкөрісін мал шаруашылығымен қамтамасыз еткен.

"Ағам мен жеңгем өте қарапайым, мейірімді жандар еді. Ешкіммен жауласпаған, ешкімге жамандық жасамаған. Тек зейнетақысына қарап, мал бағып күн көрді", – дейді туысы.

Туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай кенже қыз бен оның күйеуінің ата-анасының үйіне келгенінен кейін орын алуы мүмкін. Әсел Мұқанғалиеваның сөзінше, жоғалған жандарды соңғы рет көрген адам – олардың күйеу баласы.

"Ауыл тұрғындары күйеу баланың інім мен қарындасымды таксиге отырғызып, алып кеткенін көргенін айтты. Сондықтан біз оны күдікті деп санаймыз. Менің ойымша, ол бұл істі жалғыз өзі жасамады, басқа адамдар да қатысуы мүмкін", – деді ол.

Туысының айтуынша, бұған дейін ерлі-зайыптылар мен күйеу баланың арасында ешқандай жанжал болмаған. Отбасының өзге туыстарымен де кикілжіңі жоқ еді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz