Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада мұғалім оқушыға күш қолданған: директор жауапқа тартылды

Астанада мұғалім оқушыға күш қолданған: директор жауапқа тартылды
Pexels.com

Астана мектептерінің бірінде педагогтың оқушыға физикалық күш көрсеткені анықталды. Оқиғаға қатысты қалалық білім басқармасы түсініктеме беріп, мектеп басшылығының жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы белгілі болды. Кадрларда мұғалімнің оқушыға күш қолданып, оған дөрекі сөздер айтқаны көрінеді.

Білім басқармасының мәліметінше, жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде аталған факт расталған.

"Педагог Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің тиісті бабы негізінде жұмыстан босатылды. Сонымен қатар тәртіптік шаралар қабылданып, мектеп директоры мен оның орынбасарлары жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомство.

Қалалық білім басқармасы бұл жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер