Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сенбі күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
"29 желтоқсанда Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, Өскемен қаласында сақталады", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.