Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бризольдің рецепті бар ма?Жауаптар - 1

Бризольдің рецепті бар ма?Жауаптар - 1

Бризольдің рецепті бар ма?
Жауап

Бризольдің рецепті

Қажетті заттар:


  • кез-келген тартылған ет – 400 г;

  • жұмыртқа – 5 дана ( + тартылған етке қосу үшін 1 жұмыртқаның ақуызы)

  • майонез – 1-3 ас қасық;

  • кетчуп – 1 ас қасық;

  • сарымсақ – 1-2 тісше;

  • өсімдік майы (қуыру үшін) – 3-4 ас қасық;

  • тұз, бұрыш – талғамыңыз бойынша.


Дайындалуы:

  • Тартылған етті тұздап, бұрыш қосып аламыз. Оған жұмыртқаның ақуызын қосып, жақсылап араластырамыз.

  • Еттің бірдей 5 бөлікке бөлеміз де, дөңгелектеп қоямыз.

  • Тегіс жерге тағамдық үлдірді жайып, бетіне тартылған еттің бір бөлігін қоямыз. Оны алақанымызбен басып, артынша диаметрі шамамен 15 см болатындай етіп жаямыз.

  • Бір жұмыртқаны жарып, ыдысқа салып аламыз. Оны шанышқымен шайқап, бір шымшым тұз қосамыз. Жұмыртқаны жалпақ, домалақ тәрелкеге ұйып аламыз.

  • Жайылған ет тұрған үлдірді алып, етті жұмыртқа қоспасына саламыз.

  • Мұнан кейін ет пен жұмыртқа қоспасын қызып тұрған табаға саламыз. Бұл кезде жұмыртқа мен еттің бірге сырғып түсуін қадағалау қажет.

  • Ендігі етті 3-4 минут баяу отта қуырамыз. Артынша оны екінші жағына аударамыз да, отта тағы да 3-4 минут ұстаймыз. Осылайша 5 бризольді де қуырып аламыз.

  • Ендігі сарымсақты ұсақтап, майонезбен араластырамыз. Оны дайын болған бризольдерге жағып, бетіне аздап кетчуп құямыз.

  • Ыстық бризольді көкөністермен бірге ұсынуға болады.


Астарыңыз дәмді болсын!
Автор
Данияр