"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Боксты Олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастауы мүмкін

Боксты Олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастауы мүмкін

Боксты 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастауы мүмкін.

Қараша айының 30-ы күні Токио қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысы өтті. Отырыста комитет мүшелері 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындары бағдарламасынан боксты уақытша алып тастауға байланысты шешім шығарған. Аталмыш шешімнің қабылдануына халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) басшылығына өзбекстандық кәсіпкер Ғафур Рахимовтың келуі себеп болған.

АҚШ әділет министрлігі Ғафур Рахимовты қара тізімге енгізген. Оған «халықаралық трансұлттық қылмыстық ұйым мүшелерімен байланыс орнатты» деген айып тағылған. Рахимовқа Ислам Кәрімов тұсында халықаралық іздеу жарияланып, Өзбекстаннан қуылған. Бірақ билік басына Шавкат Мирзиеевтің келуімен Ғафур Рахимовтың ресми Ташкентпен арадағы қарым-қатынасы жақсарған.

Естеріңізге салайық, Ғафур Рахимовпен бірген «AIBA» басшылығына үміткер ретінде қазақстандық ардагер боксшы Серік Қонақбаев сайлауға түсіп, ұтылып қалған.

"The Qazaq Times"

Автор
Мадияр