Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Бибосынов жаңа атақ алды

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Бибосынов жаңа атақ алды
Фото: ашық дереккөзден

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа әскери шен алды, деп хабарлайды kznews.kz АОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 және 2025 жылдары екі мәрте әлем чемпионатында топ жарған 28 жастағы боксшы аға лейтенант атанды.

"Армия орталық спорт клубының спортшысы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов аға лейтенант әскери атағын алды. Сәкенді кезекті әскери атағымен шын жүректен құттықтаймыз!" - делінген АОСК мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Сәкен Бибосыновтың әлем чемпионаттарындағы жетістіктерінен бөлек, қоржынында Токио Олимпиадасының қола медалі бар.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.