Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін ұрды деген күдікке ілінді

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін ұрды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін ұрды деген жазба тарады. Полиция бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Threads желісінде zh32457 деген никпен тіркелген қолданушы қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіповке қатысты жазба жариялады.

"Көкшетау. Барынша жария етуді сұраймын. Мен зардап шеккен әйелдің әпкесі ретінде үндеу жасап отырмын. 29 маусымнан 30 маусымға қараған түні немесе 1 шілде күні менің сіңлімді күйеуі – 1988 жылы туған Жүсіпов Теміртас Берікұлы қатты соққыға жыққан. Соның салдарынан ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Медициналық құжаттарда асфиксия, бастың ашық жарақаты, құрысу және ми ісінуі тіркелген. Ол ес-түссіз жатқан. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ажырасса, өлтіретінін айтқан, "барлық жерде таныстарым бар" деп мәлімдеген. Оны видеоға түсіріп, балаларын тартып алу үшін психикалық тұрғыдан сау емес етіп көрсетуге тырысатынын айтқан. Айта кетейін, Жүсіпов Теміртас – кәсіби боксшы, әлем және Азия чемпионы. Мұндай физикалық дайындығы бар адам күш қолданғаны үшін ерекше жауапкершілік арқалауы керек", – делінген жазбада.

Nur.kz басылымның жазуынша, бұл жарияланымға Ақмола облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 30 маусым күні Көкшетау тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына дене жарақатын салғаны анықталды. Оқиғаға қатысушылардың барлық уәжі жан-жақты тексеріліп, құқықтық баға беріледі. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады полиция.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер