KZNews.kz
Қоғам

Боксшы Бейбарыс Жексен әлем чемпионатындағы дебютін жеңіспен бастады

Торғын Абушахман

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды  Kznews.kz 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) алғашқы кезеңде Джунмилардо Огаиремен (Филиппин) қолғап түйістірді.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастағанынхабарлаған едік.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →