Әлем

Бөксесін үлкейтпек болған танымал блогер комаға түсіп, қайтыс болды (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Бөксесін үлкейтпек болған танымал блогер комаға түсіп, қайтыс болды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Италияда танымал блогер Юлия Бурцева Мәскеудегі элиталық косметология клиникасында қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

38 жастағы әйелдің өмірі үшін дәрігерлер күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Қайғылы жағдайға байланысты "абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде "112" Telegram-арнасы мәлімдеді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 4 қаңтар күні түстен кейін блогердің комаға түскені белгілі болған. Дәрігерлер оның анафилактикалық шок алғанын анықтаған. Осыған байланысты ол аса ауыр жағдайда шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Юлия Бурцева бұрын Самара қаласында тұрған, кейін Италияға көшіп, сол елде ұзақ уақыт өмір сүрген. Онда оның қызы мен италиялық жұбайы қалған. Мәскеуге ол бөксесін үлкейту процедурасынан өту үшін арнайы келгені айтылып отыр.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталып жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz