KZNews.kz
Шоу-бизнес

Боди массаж арқылы 2 миллиард тапқан: Астаналық әйелден пәтерлер мен Gelandewagen тәркіленді

KZNEWS

2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, қылмыстық жолмен 2 миллиард теңге табыс тапқан. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті боди массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру арқылы алынған схеманы анықтады.

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:


"Сонымен қатар тінту кезінде 50 миллион теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды. Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге қайта сатып 51,5 миллион теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан. Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (Қылмыстық кодекс 309-бап, 218-бап 3-тармағы "Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді", – делінген агенттік хабарламасында.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді. Пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда интернет арқылы жыныстық қызмет көрсеткендер қылмыстық жауапқа тартылатынын жаздық. Бұл шараларды ұйымдастырушылар Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) және 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық), әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша жауапкершілікке тартылады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары