Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Онда 10 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тарапынан жүргізіліп жатқан іздеу шаралары туралы дерек көрсетілген. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін аталған іс блогер Қайсар Камзаға қатысты айтылған болатын. Ол Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында онлайн құмар ойындарын жарнамалауға қатысы бар тұлға ретінде аталған.
Қайсар Қамзаның әлеуметтік желідегі белсенділігі де назар аударады: Instagram парақшасында оның 2,4 миллионнан астам жазылушысы, ал TikTok-та 340 мыңнан астам оқырманы бар. Осыған байланысты оның әрекеттері қоғам мен құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.
Қазіргі таңда тергеу жалғасуда, ал ресми органдар қосымша мәліметті жариялаған кезде ғана оқиғаға қатысты толық ақпарат қолжетімді болмақ.