KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Блогер Ерболат Жанабыловқа сот үкімі шықты

• Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

27 сәуір күні судья Әділбек Баймаханов сот отырысында шешімді оқыды. Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанымен, кейін позициясын жұмсартып, келісімге келген.

Сот шешімімен Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, блогерге "заңсыз кәсіпкерлік" және "қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру (ақшаны жылыстату)" баптары бойынша айып тағылған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →