Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды kznews.kz.
Мәліметке сәйкес, Төленоваға қатысты қылмыстық іс жыл басында қозғалған. Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданып, сотталушыға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алайда Зулфия Төленова сот шешімімен келіспей, үкімге апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы жақын күндері өтуі тиіс. Сондықтан оның төрт жылдық жазаға қатысты түпкілікті шешімі апелляциялық инстанция қарауынан кейін белгілі болады.
Ал Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Ақпаратқа сәйкес, олардың жағдайы тұрақты, көңіл-күйлері де жақсы.