2026 жылғы білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды (ТІЗІМ)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Блогер Айтуған Ғалымовқа екінші жар болып тұрмысқа шыққан Ерке жүктілігін жариялады

Блогер Айтуған Ғалымовқа екінші жар болып тұрмысқа шыққан Ерке жүктілігін жариялады
фото: ашық дереккөз

Бір ай бұрын әйелі бар блогер Айтуған Ғалымовқа екінші жар болып тұрмысқа шыққан Әсем өзінің жүкті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогер қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Ол Вьетнамдағы саяхатынан бірнеше сурет жариялаған. Кадрлардың бірінде Әсемнің іші шығып тұрғаны анық байқалады. Сондай-ақ блогер ішін ұстап суретке түсіп, жазбасына жүкті әйел бейнеленген эмодзи қалдырған.

Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Оқырмандарының бір бөлігі блогерді құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

“Аман-есен құшағыңа алу бұйырсын”, “Құтты болсын”, – деп жазды олар.

Ал пікір қалдырғандардың тағы бір бөлігі бұған әртүрлі көзқарас білдірді.

“Айттым ғой”, “Ештеңе деп сөге алмаймыз. Алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз”, “Бәсе, осындайы бар еді ғой”, “Айтуған, көпбалалы әке болуыңмен”, “Аяқ астынан тұрмысқа шыққанынан-ақ түсінікті еді”, “Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте”, “Бірінші әйеліне де обал, бұл қызға да оңай емес”, – деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.