Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Екі отбасым бар": Танымал блогер заңды әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленді деп сынға қалды

"Екі отбасым бар": Танымал блогер заңды әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленді деп сынға қалды
фото: ашық дереккөз

Танымал блогер Айтуған Ғалымов заңды некедегі әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленді деп сынға қалды. Тағы бір қызығы – оның екінші жары блогер Әсем болып шықты., деп хабарлайды kznews.kz.

Өткен демалыс күндері Erkewoka лақап атымен танымал блогер Әсем әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің сырға салу және ұзатуынан қадрлар бөлісіп, тұрмысқа шыққанын хабарлады. Осыдан кейін TikTok-та желі қолданушылары Әсемнің әйелі және үш баласы бар блогер Айтуған Ғалымовқа тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат тарата бастады. Желіде жарияланған кадрларда блогерлердің бірге тұрғанын байқауға болады.

Көп ұзамай бұл жағдай Threads желісінде қызу талқыға түсті.

“Қалай болып кетті? Айтуғанның әйелі бар еді ғой”, “Бірінші әйелінің де жазбаларына жазып жүр ғой, сонда ажыраспаған ба?”, “Жап-жақсы қыз еді, обал болыпты”, “Тоқалы болып тиіп жатыр”, “Жігіттің бетін жауып салғанда отбасы, әйелі бар екенін біліп отыр ғой. Екеуі бір-бірін тауыпты, бірінші әйеліне бақыт тілеймін”, “Масқара! Әйеліне обал. Жап-жас Еркешока ше? Өзіне теңіл таба алмады ма? Жиіркенішті”, – деп жарыса жазды қолданушылар.

Артынша блогер Айтуған Ғалымовтың өзі де қысқа жазба қалдырып, екі әйелі бар екенін ашық мойындады.

“Иә, менің екі отбасым бар. 15 миллион теңге қарызым бар. Аллаға шүкір. Кім не десе де, мен Алламен шыншылмын. Қандай болсаң да, адамға бәрібір жақпайсың”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ блогер екінші әйел алуын ислам дінімен байланыстырып, мұны дінде рұқсат етілген деп түсіндірді.

“Негізі екі әйел алу Ислам дінінде рұқсат етілген дүние. Мен ешкімді насихаттап жатқан жоқпын, біреуге бір жерімді ашып көрсетіп жатқан жоқпын. Иә, мен мүмкін тауар сатудан қадалып қалған шығармын, кейде жолым болмай қалған шығар. Бәріміз адамбыз, бәріміз қателесеміз. Мен бұл қателікті енді қайталамауға Алламен серттестім. Егер араларыңды күнәсі жоқ адам болса, келіп бетіме түкіріп кетіңдер. Біреудің күнәсін ашып, өзімізге жамандық шақырмайық”, – деп жазды ол.

Бұған қоса, блогердің бірінші жары Ильнура Ғалымова да парақшасында видео жариялады. Кадрларда ол Айтуғанның екінші жары Әсеммен бірге түскен. Алайда ол қысқа уақыттан кейін жазбаны өшіріп тастады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.