"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екінші рет тұрмыс құрған блогер ерекше салтпен ұзатылды

Екінші рет тұрмыс құрған блогер ерекше салтпен ұзатылды

Салтанат Instagram парақшасында қазақтың салт-дәстүріне қатысты жазба қалдырып, екінші рет тұрмыс құрған әйелдердің беті ашылмайтынын атап өтті.

«Қазақтың салты бойынша, екінші рет тұрмысқа шыққан әйелдің беті ашылмайды. Ақ орамал анасының үйінен шығарда иығына жабылады. Келін болып түскен шаңырақта сол орамалды енесі немесе абысыны ауыстырып береді. Бұл – орамал ауыстыру дәстүрі. Орамал тағылған соң, келін шай рәсімі өтеді», – деп жазды блогер.

Көпшілік бұл дәстүр жайында алғаш рет естігенін жазса, енді біреулер екінші рет тұрмыс құрған әйелдерге де беташар жасалатынын айтты.

Салтанат Аманқосова сырға салу рәсімі туралы да бөлісті. Оның айтуынша, енесі құлағына бриллиант сырға мен сақинаны өзі таққан.

“Өзіме жақын болсын деп, сырғаны өз қолыммен тағуды қаладым”, – деді енем», – деп жазды ол.

Блогердің жазбасы желіде кеңінен тарап, дәстүрге қатысты түрлі көзқарастар мен пікірлерге себеп болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.