KZNews.kz
Сұхбат

“Біздің жердегі алтындар біреудің қолында, пайдасы жоқ” - Ғалым Байназар

Ayzhan Sylanova

Ардагер-қаржыгер маманның айтуынша, Қазақстанның қазіргі таңда 412 миллиард доллар ақшасы бар. Ұлттық банктің алтын валюта қорында 36, Ұлттық қорда 65, ЖЗҚ-да 39, банктердің кредиттік қорында 83 миллиар доллар бар. 412 миллиардтың 192 млрд доллары ғана жұмыс істейді, яғни бізге пайда әкеледі. Осы қаржыны біз кіші және орта бизнесті несиелендіруге, ауылшаруашылығына бұраламыз. Бірақ оны істеп жатқан жоқпыз. 

"Оны қалай жасау керек мәселесін көтерейік. Біз айтып отқан цифрлар 2023 жылдың қорытындысы бойынша ресми статистикалар. 2024 жылда бұл 412 миллиард көбейді. Кәсіпке беріліп жатқан қаражат соның 16%-ы. Қалғандары бұл салаға жұмыс істемейді. Осының тетігін табу керек. Біз жылына 120-130 тоннадай алтын шығарамыз. Бірақ оны елге пайдаланбаймыз. Осы салалар әрі кетсе 10 тонна алтынның құнын қажет етеді, қалғаны шетелге кетіп жатыр. Себебі оны өңдеуші жеке компаниялар, 70-80%-ы шетелдік компаниялар. Шетелден келген ақша оффшорлық компанияларға сіңіп кетіп жатыр. Алтын біреудің қолында, ол пайдасыз ағып кетіп жатыр", - деді экономист.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары