Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Біздің футболшыларға Райымның брендтерін бере аламын” - Ерке Есмахан

“Біздің футболшыларға Райымның брендтерін бере аламын” - Ерке Есмахан
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Оның айтуынша, қымбат зат тек сән үшін емес, еңбекпен жеткен мәртебені білдіретін құндылық.

«Түнде қолдарына бір-бір емес, екі-екіден Louis Vuitton ұстаған жігіттер Алматыға келіп қалыпты. Бренд – жай ғана қымбат бұйым емес, ғасырлық тарихы бар дүние. Оған табыстың, еңбектің арқасында жетіп, мақтанышпен ұстау – мәртебе. Миллионер футболшылардың өзі соған мысал. Бұл – тек мотивация үшін айтып отырған ойым, рухани құндылықтарға қатысы жоқ. Бренд кимейтін, әшекей тақпайтын адамды «қарапайым» деп бағаламау керек. Керісінше, кейде қаржысы мол, қымбат дүниеге құмар адамдардың өзі қарапайым әрі қайырымды болып келеді. Мен үшін әр қазақ бай әрі бақытты болуы тиіс», – деп жазды ол.

Әнші қазақ футболшыларына да тоқталып, әзіл-қалжыңын қоса кетті:

«Біздің футболшыларға көлік сыйлай алмасам да, үйдегі Раймның брендтерін беруге болады», – деді ол.

Жазбасын қорытындылай келе Ерке Есмахан бүгін өтетін маңызды матчта «Қайратқа» сәттілік тілеп, ертең бүкіл жанкүйерлерді бір кісідей командаға қолдау көрсетуге шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.