Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біз үнемі барлық этнос өкілінің теңдігін қамтамасыз еттік

Біз үнемі барлық этнос өкілінің теңдігін қамтамасыз еттік

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Депутат Қордайдағы қақтығыстан кейін Ассамблеяны жабу керек дегендерге сәлем жолдады

"1995 жылы біз көпұлтты мемлекетіміздің барлық азаматының құқықтарын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. Кейін Ассамблея конституциялық органға айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз үнемі еліміздегі барлық этнос өкілінің теңдігін қамтамасыз еттік", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беруі керектігін атап өтті.

"Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз", - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің қызметін жандандыру үшін аудит өткізуді тапсырды.

Ал Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


sputniknews.kz
Автор
Данияр