Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Биыл Түркістанда халықаралық әуежай ашылатын болды - Қазақстан жаңалықтары

Биыл Түркістанда халықаралық әуежай ашылатын болды - Қазақстан жаңалықтары

Түркістанда осы жылы халықаралық әуежай ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әуе қатынасын дамыту туралы мәселеге келетін болсақ, осы жылы Түркістанда халықаралық әуежай ашпақшымыз. Қазіргі таңда Өскемен әуежайының ұшып-кону жолағы жөнделуде. Бұған қоса Шымкент әуежайында жаңа терминалдың құрылысы жалғасып, Оралдағы әуе бекеті кешені қайта жөндеуден өтпек", - деді министр.

Бұған қоса шенеунік егер мемлекет тарапынан жеткілікті ақша бөлінсе, Үржар мен Үшарал қалаларындағы әуежайлардың ұшып-қону жолақтары жөндеуден өтетінін алға тартты. 

Бұған дейін министрі Қазақстанда отандық ұшақтар құрастырылады ма деген сұраққа жауап берген еді. 


Қазақстан 15 маусымнан кейін бірқатар елдерге рейстер ашуды жоспарлап отыр


stan.kz
Автор
Еркебұлан