KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бішкек қаласының тұрғындары Қытай саясатына қарсы наразылық шеруге шықты

Мадияр

Қырғызстан астанасының орталығында 200-ден астам наразылық шеруге шықты.

Қытай елінің қайта даярлау лагерьлеріндегі қырғыз қандастарының қысымға ұшырағанын естіген халық, біраз уақыттан бері бас көтеріп келеді. Желтоқсанның 20-ы күні Бішкектегі Қытай елшілігінің алдына барып өздерінің қарсылықтарын білдірсе, енді Қырғыз астанасының орталығында Жоғарғы Кенешке төрт талап қойып отыр.

Жаппай митингіге шыққан халық:

- Қырғыз қыздарының Қытай азаматтарына тұрмысқа шығуына заңмен тыйым салу;

- Қытайларды елге кіргізбеу және Қырғыз азаматтығын бермеу;

- Тез арада Қытайдан алынған қарызды қайтарудың жолын табу;

- Әкімшілік айыппұл мөлшері мен салықты азайту.

Бішкек қаласының Шу және Еркіндік көшелерінің қиылысына жиналған тұрғындар өздерінің қарсылықтарын білдіріп, Жоғарғы Кенешке қол жинап өткізді.

"The Qazaq Times"

Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →