KZNews.kz
Қоғам

Бишімбаевтың жанұясы алимент төлеуден үзілді-кесілді бас тартты – Назым Қаһарман

KZNEWS

Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын өлтіргені үшін 24 жылға сотталып кеткен



Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Қаһарман күйеуінің отбасы алимент төлемей жатқанын айтып, арнайы видео түсірді, деп хабарлайды Kznews.kz



Назым Қаһарманның айтуынша экс-күйеуінің отбасы алимент төлеуден үзілді-кесілді бас тартқанын ерекше айтып өтті.

«Былтыр балалардың демалысына, психологқа ақша төленген жоқ. Мен барлық чекті жібердім. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Мен оны адвокат Ғазымжанов мырзаға жібердім. Бірақ олар елеусіз қалдырды», - деді Назым Қаһарман.

Оның айтуынша, дәрігерлерге бару мен дәрумен алуға да ақша төленбеген.



KZNEWS
Автордың басқа материалдары