Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біртанов - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Біртанов - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Коронавирус табылған елден келген азамат денсаулығына байланысты демалысқа шығу туралы анықтама алуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

"Үйге карантин деп жаппайтын болдық. Ондай азаматтар арнайы медициналық мекемелерге жіберіледі. Карантинге жабылудан бас тартқаны үшін тұрғындарға айыппұл салынады. Бұл енді рас. Карантин ережелерін бұзғаны үшін қазақстандықтарды жауапкершілікке тартамыз", - деді министр. 

Бұған қоса ем қабылдау орталықтарына жіберілген азаматтар арнайы анықтама алулары керек дейді Біртанов. 

"Карантинге жабылғанда қандай талаптарды сақтау керектігі жайлы барлық аймақтарға нұсқаулық жіберілді. Арнайы анықтама толтырылатын болады. Яғни карантинде жатқан кездегі күндер жалақы төленгенде міндетті түрде ескеріледі, тұрғындарға бұл күндер өтеусіз қалмайды дегім келіп отыр", - деп қосты Біртанов.

Еске салайық, бүған дейін денсаулық сақтау министрі медициналық бетперде мәселесі жөнінде елді дүрліктірмеуге шақырған болатын.


stan.kz
Автор
Данияр